Weekend

Шымкентте әлеуметтік көмекті түсіндіру жалғасуда

Әлеумет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында 2020 жылы қаңтар айынан басталатын жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай №3 емханада қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылады.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғ.Балтаевтың айтуынша, жәрдемақы тағайындаудың жаңа форматында жұмыссыз үйде бала күтімінде отыру 3 жылға қысқарған. Ал бұған дейін 7 жылға дейін отыруға болатын еді. Сонымен қатар, АӘК алатын отбасы мүшелерінің біріне жұмысқа тұру міндетті. Егер ол жұмыстан бас тартатын жағдайда атаулы әлеуметтік көмек беру 6 айға дейін тоқтатылады.

– Учаскелік комиссия мүшелері азаматтардың мұқтаж-мұқтаж емес екенін 7 күнде қарайды, бұрын 3 күн белгіленде олар тапсырған құжаттарды дер кезінде қарап та үлгермеді, - дейді Ғалымжан Талғатұлы.

Ал Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Аманжол Нүрсейітов жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға кепілдендірілген жәрдемақы ешқандай табысқа, күнкөріс деңгейіне қарамастан тағайындалатынын айтады.

– Атаулы әлеуметтік көмекке тапсырылған отбасылардың балаларына қосымша мемлекеттік әлеуметтік пакет беріледі. 1-6 жасқа дейінгі балаларына гигиеналық заттар, мектеп формасы, киім-кешек, ыстық тамақ, қоғамдық көлікте қатынауы бәрі тегін берілмек, - деді Аманжол Елікбайұлы.

Жиында, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету мақсатында қаңтар айында іске қосылатын әлеуметтік портал туралы айтылды.