Weekend
Жастар саясаты
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қорының ұйымдастыруымен Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына байланысты Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау аудандары аумағында белсенді, ерікті жастар және денсаулық сақтау мамандары сонымен қатар әскери азаматтармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Шымкент қаласы 9 желтоқсан күні Белоруссияның Брест қаласынан мәдени астана дәрежесін ресми түрде алатындығы және келесі жылы шаһардың 2200 жылдық мерейтойы болатыны жайлы тақырыптар қозғалды. Түрлі сауалдар қойылып, мәдени астана болуымыз әр азаматтың қосқан үлесіне байланысты екені айтылды. Кездесуге түрлі салада жетістіктерге жеткен азаматтар қатысты.