Weekend
Шымкент – қайырымды қала
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласында қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шараға 6-13 жас аралығындағы балалар қатысты.
Жылда өткізілетін іс-шара аясында демеушілердің көмегімен 100-ге жуық бала бас киім, сырт киім, аяқ киімдермен қамтылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөіндегі басқармасының тарапынан көпбалалы 7 қамқоршы мен 27 демеуші алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыз бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 763 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 26 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.
Шымкент – қайырымды қала. Ізеттілік пен мейірімділік, кішіпейілділік пен сыйластық бұл Шымкент тұрғындарына тән қасиет. Демек, біз кез келген бастама мен игі істі осы бағытпен жүзеге асырсақ өзгелерге үлгі боларымыз сөзсіз.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61