Woman

Шымкент қаласында «Зорлық - зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында жиын өтті

Отбасылық құндылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайдың төрағалығымен «Зорлық - зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында жиын өтті. 

Маңызды жиында құқықбұзушылықтар оның ішінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу механизмдері талқыланды. Атқарылған жұмыстар бойынша отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев баяндады. ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат мүшесі Салтанат Тұрсынбекова сөз сөйледі. 

Шараға сондай-ақ қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар басшылары, учаскелік полиция мен БАҚ өкілдері қатысты. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында тиісті механизммен тіректі нысан ретінде учаскелік полиция іске қосылған. Бүгінде 68 нысан бар, оның жұмысқа кіріскені 51-ге жетті. Жыл соңына толық 100% қамтылатын болады. Осы жүйе арқылы қоғамдағы зорлық – зомбылықтың алдын алып, күресу жұмыстарын тиісті сала қызметкерлерінің нақты құзырет шеңберлері және іс-қимыл тәртібін реттеу бойынша БҰҰ сарапшылары қарқынды жұмыс атқару көзделіп отыр.