Weekend

Оқушылар енді IELTS-ты Шымкентте тапсыра алады

Білім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұған дейін оқушылар ағылшын тілін білудің дағдылары мен деңгейін анықтау үшін Алматы, Ташкент қалаларына барып, арнайы тест тапсыратын. Енді өңір оқушылары IELTS емтиханын Шымкент қаласында тапсыруға мүмкіндік алды.

Өйткені «INTERPRESS» тіл орталығында мектеп оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болғанын мамандар хабардар етті. Жағымды жаңалықпен бөліскен олар, 10-11 сынып оқушыларына емтиханның маңыздығы, бағалау критериялары туралы түсіндірді.

Шетелге оқуға түсу үшін ең маңызды талаптарының бірі - IELTS емтиханы болса, оны жоғары деңгейде тапсыруды барлық оқушы қалайды. Сондықтан, емтиханды қандай форматта тапсырған дұрыс, нәтижесін білу үшін қанша күн күту керек? Осындай маңызды сауалдарды оқушылар орталық мамандарына жолдап, тұшымды жауап алды.