Weekend

Шымкентте оқушылар арасында пікірталас өтті

Жастар жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы Жолдауында «2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, А.Макаренко атындағы №41 мектеп – лицейінде V қалалық ашық дебат турнирі өтті. Пікірталаста оқушылар өз ойларын үш тілде жеткізді.

Игі іске бастамашы болған - Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араластыру, әлеуметтік - рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету және үштілділікті дамыту.

Дебат барысында оқушылар «Болашақ» бағдарламасы, Қазақстандағы гендерлік мәселе және кәсіпкерлік тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Әр түрлі мектептен жиналған оқушылардың ойлары да әр алуан. Әр команда өз позициясында аргументтер мен фактілерін дәлелдер келтіріп, сөз жарыстырды. Осылайша ортаға тасталған сұрақ төңірегінде барлығы да өз ойын білдіріп, белсенділіктерін танытты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бас қосудың жеткіншектерге берері мол болды.

Дебат турнирі мектеп оқушыларының сыни тұрғыда ойлау, өз позициясын тұжырымдау, тақырып бойынша пайымдарын қалыптастыруға ықпал етті.

Пікірталас алаңындағы оқушыларға ОҚМУ-дың «Ақиқат» жастар дебат клубының спикерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мүшелері қазылық етті.

Даттаушылар мен жақтаушылардың сөз жарысында қазақ лигасы бойынша III орынды №1 «Білім инновация» лицейі иеленсе, II орынды Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі місе тұтты. Ал жүлделі І орын Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейіне бұйырды.

Орыс лигасы бойынша III орын А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына бұйырса, ІІ орынды Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебі жеңіп алды. I орынға Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ие болды.

Ағылшын лигасы бойынша III орынды Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі иеленсе, I орынға Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі лайық деп танылды.

Төрешілер шешімімен сайыс қорытындысында қазақ лигасы бойынша «Ең үздік спикер» номинациясын А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі оқушысы Абдиманат Рахатқа бұйырды. Орыс лигасы бойынша «Ең үздік спикер» номинациясын Айбек атындағы №14 жалпы орта мектеп оқушысы Джораханова Севера жеңіп алды. Ал ағылшын лигасы бойынша «Ең үздік спикер» номинациясына Н.Д.Оңдасынова атындағы №38 мектеп-гимназия оқушысы Иванова Кира ие болды.

Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектеп оқушысы Утебаева Дианаға «Ең үздік зерттеуші» номинациясы бұйырса, «Ең үздік көшбасшы» номинациясын Бердібек Айбек жеңіп алды.