Weekend
Алматыда өтті
Алматыда өткен Конфедерация кубогінде грек-рим күресінен шымкенттік балуандарға тең келер ешкім болады. Олар финалдық бәсекеде Алматы облысынан басым түсті. Соңғы 3 жылдан бері Конфедерация кубогінде алтынды бермеген Алматы облысының балуандары бұл жолы күмісті қанағат тұтты.
Шымкент командасының капитаны Асхат Жаңбыров былай деп сұхбат берді:
- Финалдық бәсеке оңай болған жоқ. Өйткені, біз өте мықты команда - Алматы облысының құрамасымен кездестік. Бұл команда сапында Асхат Ділмұхамедов, Нұрмахан Тінәлиев, Демеу Жадыраев сынды әлемдік деңгейдегі балуандар бар. Сол себепті, кездесу алдында екі-үш спортшымыздың жеңілетінін сезіп тұрамыз да, басқа салмақтарда ұпай бермеуге тырысамыз. Бүгін сол жоспарымыз орындалып, жеңісті жұлып алдық. Жалпы, бірнеше жылдан бері екінші, үшінші орындарды қанағат тұтып келдік. Биыл бас жүлдеге қол жеткізсек деген мақсат қойып, сол тілегіміз орындалып отыр, - дейді балуан.