Weekend
Әдеби кеш
Бір кездері әдебиетке еркін кіріп келген жас дарынның, сол от, сол екпін мен текті тәкәббарлықты сәл де бәсеңсітпей бүгінге жетіп, болашаққа беттеген ұлы жолында бір өзі ғана «бір елдің мұрасы» боларлық өзгеше бір әлем – Фариза Оңғарсынованың поэтикалық әлемі дүниеге келіп, мәңгілікке беттеді.
Шымкент қаласында А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК-да Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына - 80 жыл толуына арналған «Жыр тамған жүрек» ностальгия кеші өтті.
Кешке қатысқан ақын-жазушылар ақиық ақынға деген сағынышты ой-толғамдарымен бөлісіп, арнау оқыды. Нармахан Бегалы көрнекті қаламгер Асқар Сүлейменовтың Фаризаны «Юбка киген Махамбет» деп атағанын айта отырып, Махамбет мінезді ақын екендігін сөзге тиек етті. Жас буын өкілдері поэзиядан әдеби-композиция дайындап, өлеңіне жазылған әндерін шырқап, өнерлерін көрсетті.