Авторлық ертегі

Мәриям мен күшік (ертегі)

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірде Мәриям есімді қыз өмір сүріпті. Ол мектепте жақсы оқыды, анасын да қуантты.

Бір күні Мәриям мектептен үйге қайтып келе жатқанда, көрші балалардың күшікке қалай әлімжеттік жасап жатқанын көреді: олар оны батпаққа тастап, тас лақтырып қорлық көрсетіп жатыр екен. Күшік лас әрі кішкентай еді, ешкім оны өзіне алғысы келмеді. Бірақ қыздың оған жаны ашып кетеді. Ол балаларға барып, батыл түрде:

- Кет, оны жалғыз қалдыр! Мен көршім Талғат атаны шақырамын, ол сендерге күшікке күш көрсетудің не екенін көрсетеді! - деді. 

Балалар бір-біріне қарап, қысылып, кетіп қалды. Талғат ата ауылда жақсы таныс болғандықтан, онымен байланысқысы келмеді. Мәриям күшікке бұрылды, ол жерде отырып қызға қарады. Ол сөмкесінде жеуге болатын құрт бар екенің есіне түсірді. Қыз оны күшікке берді. Содан кейін ол үйге кіріп, үй жұмысын жасады, кешкі ас ішіп, ұйықтап калды. Келесі күні таңертең Мәриям терезеде үш кәмпит тапты. Ол қатты таң қалды. Анасынан сұрады, бірақ ол олардың қайдан келгенін білмейтінін айтты.

Содан кейін Мәриям мектепке барды. Үйге барған кезде тағы бір лас күшікті кездестірді. Ол оған бірдеңе бергісі келді, бірақ сөмкесінде үш кәмпиттен біреу ғана қалған екен. Ал қыз еш ойланбастан күшікке беріп кетеді. Кәмпиттер өте дәмді болғанына қарамастан, ол басқалармен бөліспейтінің білді, сондықтан ол соңғы кәмпитке өкінбеді. Үйге келгенде, ол анасына бәрін айтып берді және оны оларға күшік алуға көндіре бастады. Алдымен анасы қарсы болды, ал Мәриям оған қараймын деп уәде берді. Содан анасы да келісті. 

Қыз қуана-қуана көшеге шықты, бірақ ешкім жоқ. Мәриям жан-жағына қарады, күтті, бірақ болмаған соң үйге кірді. 

Ал бұтаның артында күшікке әлімжеттік жасаған балалар қарап тұр екен. Олардың жүзі сұрланып кетті. Ал күшік адамға айналып, әлгі жүзі сұрланып кеткендерге келіп: 

- Көрдіңіз бе, мен қайырымдылық қазіргі жастарға тән деп айттым, бірақ сенбедіңіз. Енді маған ақша қарыз боласыңдар, - деді.