Авторлық ертегі

Көбелекке көмек (ертегі)

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір кездері бір кішкентай көбелек өмір сүріпті. Оны жұрт қырыққабат деп атайды екен. Өйткені оның қанаттары ақ, дерлік мөлдір, жас қырыққабат жапырақтарына ұқсас екен. Ол бір гүлден екіншісіне ұшып, тозаң жинаумен айналысқан.

Күн жылы, құстар ән айтып, шегірткелер шүйіркелесіп жүр. Бір кезде күн суытып, аспанды бұлт торлап, нөсер басталады. Бағанағы қуаныштың ұшқын сәулесі де жоқ. Бәрі ық іздеп қашып кетеді. Ал көбелек болса, жаңбырдан жасырынуға жер таппай не ұша алмай, қанатын су басып, жерге құлайды. Құлаған жері шалшық екен. Шалшыққа батып, қанатын құтқара алмай әуре болады.

Қасында қоңыз өтіп бара жатыр екен.

 - Маған көмектесіңізші. Қанатым батып барады, - дейді.

Қоңыз көбелекті көтеруге тырысты, бірақ шалшықтан шығара алмады.

- Біз басқа біреуді көмекке шақыруымыз керек. Мен жалғыз өзім көмектесе алмаймын, - деді қоңыз көмекшіні іздеп жүгіре жөнелді.

Ол құрттың жапырақтың астынан гүл сабағын қозғалтып жатқанын көрді.

- Менімен бірге жүр, біз көбелекке көмектесуіміз керек, - деп айғайлады қоңыз.

- Қазір келемін, - дейді құрт.

Ол баяу бұрылып, төмен қарады да, екеуі қайтадан көбелекке қарай бет алды. Олар оны аздап көтере алды, бірақ әлі де күш-қуаты жетпеді.

Кенеттен «мұнда не істеп жатырсыңдар?» деген біреудің дауысы естіледі.   

Құрт пен қоңыз артқа бұрылып қараса, бұл құмырсқа екен.

- Біз көбелекті шұңқырдан шығара алмай жатырмыз, - деп жауап берді олар.

- Сізге көмектесуге рұқсат етіңіз.  Бір, екі, енді бірге көтерейік, - деп құмырсқа бойына жөнеліп көбелектің ішіне үлкен таяқ  жіберді.  Олар көбелекті көтеріп алып шығады.

- Тағы біраз, - деп айғайлады құмырсқа.

Барлығы көбелекті шұңқырдан итеріп шығарды, қанаттарының жайылуына көмектесті.

- Сіздерге үлкен рақмет. Сіздер маған көмектестіңіздер. Сендерсіз мен шыға алмайтын едім, қатты тоңып, ауырып қалдым, - дейді көбелек. 

Содан кейін ол қанаттарын желге кептіріп, қоңызбен, құртпен және құмырсқамен қош айтысып, тағы да гүлге ұшып кетті.