Саясат

Трамп: Солтүстік Корея «бәрін жоғалтуы мүмкін»

АҚШ-Солтүстік Корея қарым-қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынды екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлаған жағдайда, "барлығын жоғалтуларың мүмкін" деп ескертті. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

- Ким Чен Ын өте ақылды. Ол дұшпандық ниет білдірсе, тым көп, тіпті барлығын жоғалтуы мүмкін. Біз Сингапурда денуклеаризация туралы келісімге қол қойдық. Ол АҚШ Президентімен ерекше қарым-қатынасты бұзғысы келмейді, - деп жазды Трамп.

8 желтоқсанда БҰҰ-дағы Солтүстік Корея өкілі Ким Сонг КХДР денуклеаризация мәселелері бойынша АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруды қажет етпейді деп мәлімдеді.