Weekend

Сапалы маман боламын десең...

Ізденіс қайдан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіздің алдыңызда үш есік бар. Осылардың тек біреуі арқылы тірі қалуға мүмкіндігіңіз бар. Бірінші есікте - қанішерлер, тістесе өздері іспеттес зомбиге айналдыратын. Екінші есікте - алты ай бойы аш жатқан арыстан. Қарыны ашқаны соншалық - баса сала жеп тастауға дайын. Үшінші есікте – лаулап тұрған от. Ыстықтығы күндей күшті. Сіз қай есікті тірі қалу үшін таңдайсыз?

Дұрыс жауабы - алты ай бойы аш жатқан арыстан. Иә, арыстан алты ай бойы аш жатуы мүмкін емес, өліп қалары сөзсіз. Яғни, жауап ойға қонымсыз.

Ғаламтор желісінде таралған соңғы жылдағы мәлемет қорлары да ойға қонымсыз. Тіптен, тақырыптың өзі логикаға сай келмесе де, оқырман тарту мақсатында хайп бағытқа бет бұрған. Мәселен, ғаламторда желдей гуілдеген Корея БАҚ өкілдерінің мәліметінше: "Толықтығы үшін тастап кеткен күйеуін оралтамын деп, спортзалда жас әйел жаттығу жасау барысында көз жұмды" деген мақаланы көздеріңіз шалған болар. 

Барлығы жарыса жазып, әдеттегідей рейтингтің қамына камданған. Осы мәліметке зерттеу барысында бірнеше қызық мәліметтермен таныс болдық. Шын мәнінде, әйелді күйеуі тастап кетпеген. Қызы ауруға шалдығып, оған донор қажет болған екен. Қызы үшін донор болмақ болған анаға дәрігерлер ота жасай алмаған. Өйткені әйел өте толық. Бір аптаның ішінде ару үшін байғұс ана спорт залға жазылып, жаттығу жасаймын деп зорығып кеткен көрінеді. Баламды құтқарамын деп өлім құшқан. 

Өте қайғылы жағдай. Сіз бұлай болады деп ойладыңыз ба? Жоқ, әрине. Ал журналисттер болса, рейтинг жинау үшін шынайы ақпаратты бұрмалауға бар.