Авторлық ертегі

Екі достың бастан кешкендері

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com




Бірде Дәулет және Сұлтан есімді екі дос өмір сүріпті. Олар кішкентайынан бірге ойнап, бірге өскен екен. 

Бір күні екеуі бір-біріне қандай жағдай болмасын бірге боламыз деп уәде береді. Арада уақыт өтіп, екеуі де есейеді. Бір күні Сұлтан бір келеңсіз жағдайға ұшырап Дәулеттен көмек сұрайды. Себебі Сұлтаннан қарағанда Дәулеттің жағдайы жақсырақ еді. Көмек сұрап келген Сұлтаннан не болғаның сұрайды. 

Сонда Сұлтан:

  - Жұмыс жасап жүрген бастығым баспанамызды тартып алды. Енді тұратын жеріміз қалмады, уақытша сенің үйіңде тұра тұрсақ бола ма? - дейді.

Мұны естіген Дәулет ойланып қалады да...

 - Кешір досым, бірақ саған осы жолы көмектесе алмаймын, - дейді.

Досының бұл сөзін естіген Сұлтанның көңіл-күйі түсіп кетеді. Содан не істерін білмей келе жатқанда алдынан бір кісі жолығады. Содан ол ішіндегі бар уайымын кімге айтарын білмей, бейтаныс кісіге ішіндегісінің бәрін ақтарып салады. Мұны тыңдап отырған жаңағы кісі Сұлтанды өз үйіне шақырады. Осылайша арада көп уақыт өтеді.

Ал Сұлтан мен Дәулет сол күйі араласқан жоқ. Сұлтан болса, осы уақыт ішінде көп жетістіктерге жетеді. Бір күні Сұлтан көше бойында отырған досы Дәулетті көреді. Сұлтан досына жақындап халін сұрай бастайды. Сөйтсе Дәулет байлықтың сонынаң қуамын деп барлық жақындарынан айырылыпты. Қазір жападан жалғыз қалып қойыпты. Мұны естіген Сұлтан досына қарап:

 - Аландама қасында мен бармын, - депті.

Сөйтіп екі достың жолы тағыда тоғысады.