Weekend

Шымкентте келесі жылы кәуап фестивалі өткізіледі

Жеке бренд

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық туризм басқармасы ендігі жылы шымқаланың гастротуризмін дамыту мақсатында «Дәмді Fest» фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Басқарманың жоспарынша, аталмыш фестиваль бастауын 2019 жылы бастап, кейін жыл сайын ұйымдастырылып отыру қажет.

- Шымкент жыл сайын қызғалдақ фестивалі ұйымдастырылады. Сол сынды Шымкент қаласының басты туристтің бағыты – бұл гастрономиялық туризм болғандықтан, шымқаланың дәмді тағамдары мен қазақтың ұлттық тағамдарын елге таныстыру мақсатында «Дәмді Fest» атты жаңа фестивальді ұйымдастыруды ойлап отырмыз. Фестивальдің маштабты әрі түрлі тақырыпта орналастырғанды қалап отырмыз. Яғни, келесі жылы «Дәмді Fest»-тің тақырыбы – кәуап болса, одан кейінгі жылдары бешбармақ, палау, лағман сынды тағамдардың тақырыптық атау болғанын қалаймыз, - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.

Қазір туризм басқармасы жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлермен ортақ ойға келгеннен кейін фестивальдің бағдарламасы жасақталмақ. Алдын ала болжамға қарағанда, «дәмді» фестиваль келесі жылы жазда, тамыз айында ұйымдастырылуы мүмкін.