Weekend
Шымкент қаласының тұрғындары үшін
Шымкент қаласы маңындағы Бадам су қоймасы жазғы демалыс аймағына айналмақ. Мұны Шымкент қалалық туризм басқармасы мәлімдеп отыр.
Бадам су қоймасы қала тұрғындарының жазда демалатын орнына айналуы керек.
- Шымкент қаласы еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда ыстық әрі жаз ұзақ жалғасатын өңірге жатады. Егер Қазақстанның өзге өңірлерінде жаз 3-4 айға жалғасса, бізде 5 айға дейін созылады. Сондықтан қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін қала сыртында демалатын, саяхат ұйымдастыратын демалыс орнының болғаны маңызды. Қазіргі уақытта Бадам су қоймасын шомылу аймағына, демалыс орнына айналдыру жұмыстары жасалуда. Су қоймасы өте үлкен. Қазірдің өзінде бірнеше кәсіпкер ол су жағасын абаттандырып, жағалау салып, демалушыларға жағдай жасай бастаған, - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.
Қала тұрғындары әзірше Қошқарата, Сайрамсу өзендеріне барып шомылып, демалып жүр.