Денсаулық
Қазан айының ортасынан бастап қызылша ауруының 4 мың 693 жағдайы тіркелген
Самоадағы қызылша індетіне байланысты қаза болғандардың саны 70 адамға жетті деп хабарлайды Twitter-дегі ресми парақшасында ел Үкіметі. Бұл туралы mk.ru хабарлайды.
2019 жылдың қазан айының ортасында болған тұтану сәтінен бастап қызылша ауруының 4 мың 693 жағдайы, оның ішінде соңғы 24 сағат ішінде 112 жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, төрт жасқа дейінгі 61 бала қайтыс болған. 16 ауыр науқасты баланы қоса алғанда, шамамен 160 адам ауруханаға жатқызылды.
16 қазанда Самоа Денсаулық сақтау Министрлігі 13 қазанда осы аурудың алғашқы өлімі орын алғандығынан елде қызылша індеті жарияланған.