Weekend

Шымкент театрында желтоқсан оқиғасын баяндайтын спектакль қойылады

Тарихи трагедия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында 10, 11, 13 желтоқсан күндері Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері» атты спектаклі қойылады. 

Жанры – трагедия. Қойылымның премьерасы 2015 жыл 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері өткен. Қоюшы режиссер  –  Қуандық Қасымов.

Ұлт басынан кешкен сәттер – тарихтың қойнауынан өшпейтін даңқты кезеңдерге айналары сөзсіз. Халқымыздың айбынын асқақтататын қайраты қажырлы, намысы туын жыққызбаған ұл-қыздарымыздың өрмінез қаракеті бүгінгі ұрпаққа ұмытылмас өнегеге айналған.

ХХ-шы ғасырдың аяғы – қазақ халқының тарихында ерлік пен қайсарлықтың, Тәуелсіздік жолында күрескерліктің айнымас айбынын арттырған ғасыр боп мәңгілікке жол тартты.

Басты рөлдерде: Шежіре – Сержан Құттыбаев, Қайрат – Олжас Мұсабеков, Фатима - Женни Досқараева, Жәудір Сарыпбекова, Ербол – Нүркен Орынбек.