Bugin
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Мерекеге арналған фейерверктер қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті жерлерінде өтті
Отшашу Көк-төбе мен Тұңғыш Президент саябағында сағат кешкі 21:00-де іске қосылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Instagram-парақшасында жазылды.
Салюттар жеке компаниялардың қаражатына ұйымдастырылды. Ал өтетін орны мен уақыты қала әкімдігімен келісілді. Алматы әкімдігі мұндай қоғамдық іс-шараның маңыздылығын ескереді, – деп жазылған Алматы әкімдігінің Instagram-парақшасында.