Саясат
Әкім Наурызбай ауданындағы ықшамаудандардың инфрақұрылымы қалай жақсартылып жатқанын айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесті. Онда әкім қаладағы жылдар бойы жиналған проблемалар таяу арада “Жаңа Алматы” бағдарламасы арқылы шешіле бастайтынын айтты. Бұл туралы қала басшысы Instagram-парақшасында жазды.
Қазір Жайлау, Құрамыс және Таужолы ықшамаудандарына су құбырлары мен кәріз желілері тартылып жатыр. Екі су тоғаны мен алты ықшамауданда су желілері салынады. Қала балансына иесіз 54 қосалқы трансформатор алынды. “Шұғыла” тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша бірінші кезекте 14 үй абаттандырылып, газбен қамтамасыз етілді, – деп жазды әкім.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, билік өтініштеріне дер кезінде назар аударатынына тұрғындардың көзі жеткен. 14 тамыздағы аудан тұрғындарымен кездесуде әкімге 43 сауал қойылса, бұл жолы 123 сауал қойылды. Оның 50-ден астамына жазбаша жауап берілді.