Weekend
Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі аяқталды
Бұл жылы шара барысында халықаралық киномектептер қауымдастығына жаңа мүшелерді қосуға қатысты меморандумға қол қойды. Оған Армения, Ресей және Непалдың үш киномектебі мүше болды.
«Бастау» фестивалінің президенті Сергей Әзімовтың айтуына қарағанда, оған бұл фистивальді тек қазақтың киноның аясында өткізу керек деген ұсыныс жасалған. Ал сол бұл ұсыныспен келіспеген. Ол басқа елдермен конкуренция болғанда ғана отандық кино дәрежесінің көтерілетінін, дамитынын айтып өтті.
Аталмыш байқау барысында 9 аталым бойынша жеңіске жеткендер белгілі болған. Үздік фильм бойынша бас жүлдеге Оңтүстік Корея ие болды. «Үздік әйел рөлі» номинациясы Юдита Франковичке бұйырды. Ол «Көңілден кеткен» фильмінде басты кейіпкердің рөлін сомдады. Әлемнің мықтылары жиналған байқауда Самғар Рахым қазылар алқасының жүлдесімен марапатталды.
Кинорежиссер Самғар Рахым «Дипломмен ауылға» деген фильмді ұсынғанын айтты. Оның айтуына қарағанда, бұл фильмде Қазақстандағы жағдай көркем жеткізіледі. Ол фильмді неліктен «Дипломмен ауылға» деп атағанын да айтты. Оның айтуынша, қазір ешкім дипломмен ауылға бармайды. Жылына 200 мың адам бітіреді, 2018 жылы 17 адам барыпты.