Weekend

Шымкент қаласының жастары саны қанша?

Жастар жалпы қала халқының 26 %-ын құрайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласында 264 281 жас (оның ішінде ерлер –117 593  (48,7%), әйелдер –123 840 (51,3%) бар. Жастар жалпы қала халқының -26 %құрайды.

Қалада 11 жоғары (мемлекеттік-3) және 37 арнаулы орта оқу орындары (мемлекеттік - 14, жекеменшік - 23) бар. Студенттердің жалпы саны - 124 088. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жалпы грант негізінде білім алушы студенттер саны – 27 272, оның ішінде республикалық грант иегерлері – 15 172, жергілікті грант иегерлері – 11 933, оқу орнының грант иегерлері – 167.

Бүгінгі таңда студент жастарға арналған 39 жатақхана бар. Жатақханамен қамтылған студенттер саны – 7 554. Жатақхананың 21 ғимараты жоғары оқу орнына, 18 ғимараты орта арнаулы оқу орындарына тиесілі.

Шымкент қаласы бойынша оқушылардың жалпы саны - 197 420, оның ішінде жастар санатына жататын оқушылар саны - 58 760.