Bugin
Сәкен Сейфуллин даңғылы мен Ілияс Жансүгіров көшесінің қиылысындағы 117 үй бұзылып, орнына айналма жол салынады
Бұған дейін үйлері бұзылатын тұрғындарға өтемақы төлеу туралы сот үкімі шықса да ол орындалмай келген еді. Тек 2 жылдан соң ғана тұрғындар өтемақысын алды. Бұл мәселені Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентпен кездесуде көтерген болатын. Ол республикалық бюджеттен ақшалай өтемақы төлеу үшін 3,5 миллиард теңге бөлуді сұраған еді.
Бүгін тұрғындарды көшіру, үйлерді электр желілерінен ажырату уақыты сияқты мәселелерді талқыладық. Мәселе реттелді деуге болады, – деді қаланың жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов.
Билік адамдарға басқа баспана сатып алып, көшуге уақыт берді. Берілген уақыт ішінде үйлер коммунал қызметтерден ажыратылмайды.
Айта кетейік, қарбалас уақытта Сәкен Сейфуллин даңғылы мен Ілияс Жансүгіров көшесінің қиылысында көліктер шақырымдық кептелісте тұрады. Қала басшылығы көлік қозғалысын жеңілдету үшін айналма жол салу туралы шешім қабылдады. Құрылысқа республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді.