Weekend

Шымкенттегі жастар саясаты: Жасөспірімдерді үйірмелер ұйымдастыру қалай жүруде?

NEET жастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы бойынша оқушылардың жалпы саны - 197 420, оның ішінде жастар санатына жататын оқушылар саны - 58 760.

Жастар саясатын үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жан-жақты қолдау білдіріп, олардың бастамаларын жүзеге асыру бағытында қызмет көрсетеді. Ғимаратта 18 кеңселік кабинет, 600 орындық зал қарастырылып, 2323,2 ш.м. құрайды.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орталықтың жалпы штат саны 65,5 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылы Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі ашылып, қаладағы 4 аудан филиалдары ашылды. Филиалдарда 5 қызметкерден 20 қызметкер жұмыс жүргізуде.

2019 жылдан бастап орталықта алғаш рет жастарға арналған 11 үйірмелер мен  4 диалогтық алаңшалардың ұйымдастырылды. Орталықтың қызметін 80 мыңнан астам жастар тұтынып келеді.

14-29 жас аралығындағы қала жастары апталық кестеге сәйкес төмендегідей үйірмелерге және клубтарға қатысады.

«Stаnd up» клубы, Пікірсайысшылар, Кітап (книжный) клубтары және «SULU Models» модельдік агентігі, сонымен қатар орыс тілі үйірмесі, Шахмат, Тоғызқұмалақ, Ақындық өнер, Актерлық шеберлік (кино) және Q pop би үйірмелері мен қатар «Бала асырап алушылар» мектебінің тренинг сабақтары,  «Мистер Мұхтар» сатира театры мен Волонтёр ұйымдарына қатысады.