Экономика

Алматы бизнесмендері қаланы дамыту бағыттарын талқылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастықтың қаланы дамытуға қатысуы туралы Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, “Алматы-2050” даму cтратегиясында белгіленген жеті басты бағыттарды іске асыру мақсатында қалада 9 салалық комитет құрылған еді.

Биыл қарашада әр комитет отырыстарында “Алматы-2050” даму стратегиясын, “ақылды”, қауіпсіз әрі шетсіз қаланы дамыту перспективаларын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Ал бүгінгі Іскерлік кеңестің отырысында комитет төрағалары атқарылған жұмыс туралы баяндап, мегаполисті дамыту бағыттары бойынша ұсыныстарын айтты.

Бақытжан Сағынтаев Іскерлік кеңестің жұмысына оң баға берді.

Іскерлік кеңестің даму стратегиясын талқылау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы біз үшін пайдалы. Бизнесмендердің тәжірибесі мен білімін бөлісуге, қала мен оның тұрғындарына арналған бастамаларды бірге жүзеге асыруда ресурстарды пайдалануға дайын екендігі қуантады, – деді қала әкімі.