Weekend
Алматыда қоғамдық тәртіп қалай бақылануда
Оның айтуына қарағанда, 32 учаскеде патрульдеу қызметкерлерінің саны 350 адамға дейін көбейді. Бұл өзгеріс мұнда болатын қылмысты 17,4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берген. Аталған учаскелерде қылмысты «ізін суытпай» ашу 11,8 пайызға артыпты.
Алматы әкімінің айтуымен ашылған полицияның 23 мобильді пунктіне қазірдің өзінде 2,5 мың адам жүгінген. Оларға полиция тарапынан құқықтық және заңнамалық көмек көрсетілген.
Серік Күдебаевтың жоспарлауы бойынша осы секілді пункттердің саны 32-ге дейін көбейеді. Сонымен қатар олар адамдар көп жиналатын жерлерге орнатылады деп жоспарлануда.