Weekend
Жас кәсіпкер
Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың 6 айлық көрсеткішіне сәйкес, жұмыссыз жастар саны – 5184, жұмыспен қамтылған жастар саны – 4486, «Жастар практикасы» - 1683, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар саны - 128, ақылы-қоғамдық жұмыстарға жолданғандар саны – 870.
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының хабарлауынша, жастардың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында орталықта мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ бүгінгі таңда жұмыссыз жастарға қолдау көрсету және өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес», қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жобаларын айтуға болады. Сонымен қатар ЖОО жаңадан бітірген еңбек өтілі жоқ жастар үшін қолға алынып жатқан «Жастар тәжірибесі» және қоғамдық жұмыс пен әлеуметтік жұмысты жобалары да маңызға ие.
Ағымдағы жылы NEET жастар үлесі 7%-дық көрсеткішті көрсетеді. Осыған байланысты Шымкент қаласында орналасқан сауда орталықтары, базарлар, кафе, тойхана, авто жуу орындары және т.б мекемелерде жалданбалы түрде жұмыс атқаратын жастарға талдау жасап олардың арасында еңбек құқықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрақты жұмысқа орналасуына жағдайлар жасалынуда.
Мекемеде жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2019 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша 24 іс-шара өткізіліп, 1000-нан астам жас қамтылды. Сонымен қатар көшелерде бейсауат жүрген жастар арасында жұмыспен қамту, қайта даярлау курстарынан өту, кәсіпкерлікпен айналысу, үйірмелерге баулу және т.б. жұмыстарға тарту мақсатында «ыстық» нүктелерде (Бозарық, Қайнар-бұлақ, Бадам маңы, Жұлдыз елді мекендері) тұратын 200-қа жуық жастарға мемлекеттік бағдарламалар, қайта даярлау курстары, тегін үйірмелер туралы брошюралар таратылды. Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» КММ бірлесе ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.