Weekend

Шымкенттегі жастар саясаты: Жастар арасында қылмыс азайту жұмысы

Түсіндіру жұмыстары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы тарапынан қылмыс санын азайту және болдырмау мақсатында түрлі салада іс-шаралар жүргізілуде. 

Сауда орындарында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, мемлекет тарапынан жастарға көрсетілетін көмектер туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тегін үйірмелерге және қоғамдық жұмыстарға кеңінен тарту мақсатында 20-ға жуық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2100 жасқа ақпарат таратылды.

Сонымен қатар сауда және көлік жуу орындарында жастардың мұқтажын және қандай көмек қажет екенін білу мақсатында 300-жасқа сауалнамалар жүргізілді.

Шымкент қаласы бойынша тұрғындардың спортпен шұғылдануына арналған спорт алаңшалары жалпы саны 21. Онда қамтылған жастардың саны 15 000-нан аса спорт саласында жастар қатысады. 12 аула клубтары бар, онда 4000-нан аса жас қамтылған.

Сонымен қатар «Алпамыс», «Жастық» аула клубтарымен бірлесе жастардың жазғы уақытын тиімді пайдалану мақсатында Абай және Еңбекші аудандарының шалғай елді мекендерінде шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан 5 рет жарыстар ұйымдастырылып, 150-ден астам жас қатысты.


300-ге жуық кездесу және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Жастар жылы аясында жастардың білім алуы мен тұрмыс-тіршілігі, жас отбасылық қабілет пен өзіне тиімді кәсіпке баулуға деген түрлі  іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер өткізілді.