Саясат
Нәтижелі жұмыспен қамту
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» бағыты бойынша жобаларды іске асырудың әзірленген тетігі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тәртібімен мерзімдері, қаржыландыру көздерімен көлемдері көзделген.
Аз қамтылған отбасылардың және жастардыңжаңабизнес-бастамаларын іске асыру үшін «Атамекен» ҰКП Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқыту, бизнес жобаларын қаржыландыру жұмыстары жүргізілетін болады.
- Осы бағыт шеңберінде «Жасмаман» жобасы бойынша қаладағы 2 жоғары оқу орнымен 20 колледж заманауи жабдықтар жиынтығы сатып алынады, білікті кадрлар даярланып, біліктілігін арттырады деп күтілуде, - деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Елбасының стартаптарды қолдау қорын құру тапсырмасына сәйкес, Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп«Мен кәсіпкер боламын»жобасы аясында жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында бір айлық оқыту курстары жүргізілуде.
«IT CAMP» жобалары ұйымдастырылады. Жоба арқылы жастар білімінің жаңа деңгейге шығады, жаңа дағдылары қалыптасады яғни, бәсекеге қабілеттілігі артады. Жоба арқылы 200 жасты IOS, Android, Java, C++ жобалары арқылы жастарға базалық білім беріліп үздіктерді анықтайтын боламыз. Ең бастысы олар алған практикалық дағдылары мен білімдерін пайдалана отырып кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын болады.
«Professional» жобасын іске қосылды. Жобаның мақсаты – жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бітіруші курс студенттеріне, қаламыздың ТОП-100 компаниясында тағылымдама ұйымдастыру. Қаламызда орналасқан жұмыс орындарында менторлық институтты қалыптастыру (Жас маманға Бір тәжірибелі маманды бекіту). Жоба аясында 1 мыңға жуық жас тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Мектеп жастарына мамандық таңдау бағытында консультациялар мен өндіріс орындарына экскурсиялар ұйымдастырылуда.