Bugin

Алматыда Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні аталып өтті

Қайырымдылық акциясын қолдауға эстрада жұлдыздары да келді. Шараға 175 мүгедектігі бар жан қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келген қонақтарға белсенділер дастарқан жайып, сый-сыяпат көрсетті. Ал суретшілер тобы аква-гримм жағу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Шараға қатысушы балалар мерекелік шоуға қатысып, хореографиялық және сахналық көріністер қойды.

Бұл қайырымдылық шарасы адамдардың жүрегінде мейірім оянсын деген ниетпен ұйымдастырылып отыр. Мерекеге “Арди”, “Мейірім” оңалту орталықтары мен Жетісу ауданының балалары шақырылды, – деді меценат Сәуле Наурызбаева.

Қайырымдылық акциясын қолдауға эстрада жұлдыздары да келді. Артистер мүгедектігі бар балалармен бір сахнада би билеп, ән айтты.

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында бірнеше шара өктізуді жоспарлап отырмыз. Адамдардан ерекше жандарға, зейнет жасындағы азаматтар мен көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді сұраймыз, – деді Алматының әлеуметтік қамсыздандыруды басқару бөлімінің басшысы Рахилям Махпирова.