Weekend

Қара майор: Алматыда Борис Керімбаевтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды

"Қара майорға" көрсетілген құрмет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда «қара майор» деген лақап атпен танылған, полковник, Қазақстан Қарулы күштеріне әскери бөлімінде аты аңызға айналған Борис Керімбаевқа арналып ескерткіш қойылды. Ескерткіш тақтасының ашылу салтанатында әскери бөлімге Борис Керімбаевтың есімінің берілуі барша әскери қызметшілерге жүктелген жауапкершілік екені айтылды.

"Қара майордың" құрметіне арналған шара қалай өтті?

Шараға әскери бөлімнің жеке құрамы мен басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері мен қара майордың жұбайы қатысты. Шара барысында Керімбаевтың жұбайы баршаға алғысын айтып, қуанышын жеткізді.

Борис Керімбаев туралы не білеміз?

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында дүниеге келген. 1970 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты басшылықтың арқасында батыр командирдің сарбаздары аз шығынға ұшырап, көбінесе жеңіске жетіп отырғанын жұртшылық жақсы біледі. Оның ерлігі аңызға айналып «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылды. «Спецназ ГРУ СССР» деген кітаптағы тізім бойынша төртінші орынды нық иеленген қазақ жігітін сол кездегі кеңестік саясаттың өзі осылай жоғары көтеріп мойындаған. 1992 жылы денсаулығына байланысты полковник шенімен отставкаға шықты. Батыр туралы «Қара майор» фильмі түсірілді.

Әскери барлау қызметіне қосқан үлесі мен орны ерекше екенін ескере отырып, 2019 жылғы 4 қыркүйектегі Қорғаныс министрінің бұйрығымен арнайы мақсаттағы әскери бөлімге Борис Керімбаевтың аты берілді.