Weekend

Алматыда "Құрбан болған тұлғалар" көрмесінің ашылуы жайында брифинг өтті

«Құрбан болған тұлғалар» атты көрмесінің ашылуы өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатирик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар зиялы қауым өкілдері ұшыраған. Бар өмірін қазақ халқының руханиятына арнаған тұлғалардың 125 жылдығына арналған іс-шаралар ел көлемінде кешенді қолға алынуда.Орталық музейде ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты - 30-40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Көрмеге Орталық музей қорындағы І.Жансүгіровтың, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жеке кешендеріндері, сонымен қатар замандастары - Т.Рысқұлов, С.Қожановтың мұрағаттан алынған материалдары қойылады. Сондай-ақ келушілер назарына  сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, сакваяжы және т.б.  заттары ұсынылады, - деп қорытындылады сөзін Гулсара Жапақова.  Көрме ҚР Президентінің архиві, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.