Hi-Tech

Шымкент қаласы «Smart city» жобасын қолға алуда

Ақылды қала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Smart city» тұжырымдамасына сәйкес қызмет атқарады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар міндеттер қойылған.

Ағымдағы жылы «Smart city» жобасының негізгі 5 бағыты (білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, қауіпсіздік салалары) және қосымша 5 сала бойынша 19 жобаны іске асыру жоспарланған, оның 12-не тиісті қаржы бөлінді, 5 МЖӘ аясында іске асыру көзделген.

- Бүгінгі күні басқарманың алдында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Smart city» жобасын енгізу, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ведомствоаралық ақпараттық жүйені және мемлекеттік органдардың байланыс арналарын сүйемелдеу және қала аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, бизнес процестерін оңтайландыру, олардың сапасына ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу сынды негізгі міндеттер қойылған, - дейді басқарма басшысы Айдос Оспанов.

Аталмыш мегажобаның аясында «Сергек» камераларын орнату, Жедел медициналық қызмет сапасын жақсарту, кешенді медициналық ақпарат жүйесін енгізу, Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу, Ақылды автотұрақ жобасын жасау, Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру, көшені ақылы шамдармен жарақтандыру, әлеуметтік салада электронды қайырымдылық порталын құру, туризм саласында туристік портал құрау, Электрондық архивті енгізу, т.б. сынды жобалар аясында кең ауқымды жұмыстар жасалмақ.