Hi-Tech

Smart Шымкент: Медицина саласында қандай сандық жобалар қолға алынған?

Ақпарат жүйесін жаңарту

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары сынды ақылды, сандық қалаға айналдыру жұмыстары қазір қарқынды жасалуда. «Ақылды қала» жобасы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй шаруашылығы, көлік, қауіпсіздік саласы сынды бес бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Соның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша Шымкентте екі үлкен жоба қолға алынған. Оның бірі – 103 қызметін, яғни, жедел медициналық қызметті жаңғырту жобасы.

- Аталмыш жобаның аясында қала тұрғындарының санының артуына байланысты, көмекті уақтылы және үзіліссіз көрсету, қоңырауларды үзіліссіз шалуды қамтамасыз ету үшін Call-орталық құру, сонымен қатар жедел жәрдем станциясын ақпараттандыру және автоматтандыру жүйесін жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді, - дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Оспанов.

Екінші жоба – бұл «Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу» жобасы. Аталмыш жоба медициналық мекемелерді кешенді медициналық ақпараттық  жүйемен, компьютерлік техникамен жарақтандыруды және интернетке қол жетімділікпен қамтамасыз етуді көздейді

- Яғни, тұрғындар 103-ке келіп түскен қоңырау үздіксіз қабылданып отырады. Ақау, тоқтап қалу, мүдіріп қалу деген болмайды, бәрі автоматтандырылады, - дейді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы 36 медициналық орталықтың барлығы компьютермен қамтылған.