Hi-Tech

Smart Шымкент: Әлеуметтік саладағы сандық жобалар қандай?

Қайырымдылық порталы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2023 жылға дейінгі жасалған Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы бойынша, оңтүстіктегі шаһар «Ақылды қала» мәртебесіне ие болмақ. Аталмыш жобаның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта жасау. Ірі жоба білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, көлік пен тұрғын үй шаруашылығы бағыттарын жолға қойған.

Одан бөлек, «Ақылды қала» жобасы аясында әлеуметтік саланда 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр екен. Оның бірі – «MEYIRIM.KZ» электрондық қайырымдылық порталы.

- Жобаның мақсаты – бірыңғай қайырымдылық порталын құру, сонымен қатар, қайырымдық қорларын, қайырымдылыққа қаражат беруге дайын адамдар мен электронды алаңда көмекке мұқтаж адамдарды біріктіру. Бүгінгі күні портал іске қосылды. Жоба іске асырылды, - дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Оспанов.

Екінші жоба – Әлеуметтік қызметтерді ұсынуды автоматтандыратын «ELKOMEK.KZ» порталы.

Жобаның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірқатар сервистерді автоматтандыру болып табылады. Атап айтқанда, әлеуметтік такси шақыру, сурдо, тифлоқұралдарды жеткізу және т.б. қызметтер. Жобаны іске асыру бюджет қаражатының қайта қаралуына байланысты тоқтатылды.