Weekend

Үш арыс: Алматыда алаш жұрты үшін маңызды шара өтті

"Үш арыс" кітабында не баяндалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматыда алаш жұрты үшін маңызды шара болды. Алып шаһарда Алаш арыстарының құрметіне арналған «Үш арыс» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен жарыққа шықты. 

Кітаптың мақсаты қандай?

«Үш арыс» кітабында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды қазақ қаламгерлерінің туғанына 125 жыл толуына орай жарық көрді. Бұл шара ҚР Жазушылар одағының құрылғанына және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жыл толуына дәл келіп отыр.

ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары аталмыш ұйымның 25 жылдан астам уақыт түркі  әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттап және зерттеп келеді. Сонымен қатар жыл сайын түркі әлемінің мәдениеті мен өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырады. Осы орайда түрлі іс-шаралар, концерттер, ғылыми конференциялар ұйымдастырылып тұрады.  

Асхат Тұрғанбайдың айтуынша, кітапта қазақ әдебиетінің «үш арысының» туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстан суретшілерінің Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармашылығы туралы салған көркемсурет туындыларынан топтастырылған.