Hi-Tech

Smart Шымкент: Туризм саласындағы жобалар қандай?

Ақпараттық портал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында қолға алынған «Smart City» жобасының мақсаты – Шымкент қаласын халықаралық «ақылды» қалалар санатына қосу әрі Қазақстан бойынша елорда мен Алматы қаласынан кейін үшінші смарт-қалаға айналдыру.

Қазіргі уақытта Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан туризм саласында «Туристік портал» сервисін құру жоспары болғанымен, биыл бюджет қаражатының қайта қаралуына байланысты уақытша тоқтатылған.

- Аталмыш жоба – Шымкент қаласындағы туристтік орындар мен қонақ үйлер, мейрамханалар жайлы үш тілде ақпарат беретін портал. Бұл Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің сервисін жақсартып, тартымдылығын арттырады. Оларды орталықтандырады, - дейді Цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Оспанов.

Ал Туризм басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта қаланың ішінде он шақты жерге арнайы QR -таблолар орнатылып, оған электронды ақпараттар енгізілген.

- Таблоның QR-кодына смартфон тосу арқылы Шымкент қаланың туристтік, көрікті орындары жайлы білуге болады. Ақпарат үш тілде, - дейді Туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.