Weekend
Кино түсіру қаласы салынбақ
Америкалық Daha USA Group және қытайлық Yiwu Compass Trading компаниялары бірігіп Өзбекстанның Самарқан облысында Sollywood атты киноқалашық салмақ.
Жобаны іске асыруға 160 гектар жер бөлінген. Ал қалашық Cinema City Sollywood деп аталатын болады. Кино түсіру алаңдарынан бөлек, бұл қалада мейрамханалар, қонақ үйлер мен демалыс орындары салынады.
2022 жылы аталмыш қалада алғашқы фильмдер түсіріле басталады деп жоспарлануда.