Weekend

«National Tourism Awards 2019»: Алматылық 4 кейіпкер жеңімпаз атанды

Туризм саласындағы «National Tourism Awards 2019» жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында туризм саласының  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау - «National Tourism Awards 2019» деп аталады. Бұл -  екінші ұлттық жүлде.

Бұл жылы байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 114 өтінім келіп түскен. Екі кезеңнің қорытындысын есепке алғанда, ақтық кезеңге әр аталым бойынша 3 үміткер қатысты.

10 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар: «Жылдың үздік туристік компаниясы» — «Limon.kz» туристік компания; «Үздік гид-экскурсия жүргізуші»  — Сергей Дрозд; «5 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Astana Marriott Hotel; «4 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Green Which Hotels; «3 санаттағы  ең үздік қонақ үй» — Park Inn by Radisson Astana; «Үздік шипажай» — «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешені; «Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жыл жобасы» «Ұлы дала скауттары» ҚБ; «Туризмді дамытудың үздік жобасы» — «Хабар 24» телеарнасы «Большие города» жобасы; «Туризм туралы үздік блогы» — Асем Орсаева «Сенің Шығыс Қазақстаның» туризм жайлы анықтама; «Оқиғалық туризм бойынша үздік жоба» — «Ұлы дала марафоны» жобасымен «Tengri Ultra» компаниясы.

«Kazakh Tourism «ҰК» АҚ және ұлттық компанияның серіктестері жариялаған 2019 жылғы арнайы аталымдардың да иелері белгілі болды. Олар: «Қазақстандағы туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін» — Тугелбай Бекбергенов; «Туризмді дамыту бойынша үздік медиа ресурс» — Kazakh TV; «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Айжан Беккулова; «Ең жасампаз блогер» Сәкен  Кагаров; «Туризм саласының жыл меценаты» Сергей Спицын.  

Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Сараптамалық кеңес өтінім бергендердің ішінен байқауға қатысуға лайықтыларын таңдады. Ал, екінші кезең барысында үздіктерді анықтау үшін барлық қазақстандықтар онлайн-дауыс берді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Жүлде биыл екінші рет ұйымдастырылды.

Бұл байқауда 4 аталым бойынша Алматылық туризмге байланысты компаниялар мен адамдар марапатталды. Олар:  

1. «Жылдың үздік туристік компаниясы» — «Limon.kz» туристік компания. Алмас Маратұлы – Limon.kz туристік компаниясының негізі салушы. Қазіргі таңда жастардың арасында танымал ішкі туризмді дамытуға арналған сапарларды ұйымдастырады. Мағынасы «Lim» – шексіздік, «on» – қосу деген ұғымды береді. Әртүрлі ұлттық парктермен, автокөлік компанияларымен серкітеспіз. Көбіне бартерлық қызмет түрін ұйымдастырамыз. Мәселен бізге бір фотограф керек болса, ол адамды тегін саяхатқа апарамыз, ол бізге тегін суреттер түсіреді, және сол арқылы өзіне тұтынушы жинайды.

2. «Үздік гид-экскурсия жүргізуші» — Сергей Дрозд. Ол өзінің айтуы бойынша, Алматы бойынша үздік әрі иделды гид-экскурсия жүргізушісі. Орыс тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлейтін маман Алматы қаласы мен облысын қалаға келген туристерге қуана көрсетеді. Ол «Guide Service Almaty» жобасының негізін қалаушы. Жоба ішкі туризмге арналған. Ішкі туризм саласында 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстандағы туристік білім беру орталығында арнайы курстан өткен. Спорттық туризм бойынша 1-разряды бар. Ағылшын тілін жетік меңгерген.

3. «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Айжан Беккулова. 1954 жылы Алматыдаға туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы шаруашылық институтына оқуға түсті. Екі жыл бойы мамандығы бойынша институтта жұмыс жасайды. Содан кейін «Казахфильм» киностудиясына қызметке орналасады. Шығармашыл ортада жұмыс істеу барысында, сурет салу өнеріне назары ауады. Осы сала бойынша жоғары оқу орынын да аяқтайды. Мамандығы бойынша жұмыс істеп, өнер әлеміне жан дүниесімен енеді.

4. «Ең жасампаз блогер» Сәкен  Кагаров. Атақты блогерлер Қарлытау шыңын тобы бағындырды. Биіктігі 5 500 метр болатын таудың шыңына олар «Жетісу – Адалдық алаңы» туын тіккен. Шыңға шыққан топтың құрамында блогер Сәкен  Кагаров та болды. Сол кезде оның айтқаны:

«Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі айналаға қарап, өзіңнің басқа әлемде жүргеніңді өзің ғана сезесің. Түнде, таңда ол жерде тыныштық. Ал ондағы тіршілік күндізгі уақытта басталады. Көбелектер ұшады, өзен ағады... Бұл – өте керемет көрініс. Біз жастарға үлгі болу мақсатында, осындай қадамға барған болатынбыз. Мұндай шыңды бағындыруды барлығыңызға тілеймін».