Weekend

Шымкент – мәдени астана: Қандай шаралар ұйымдастырылады?

Шымкент – мәдени астана: Қандай шаралар ұйымдастырылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы атанғаны белгілі.

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «Шымкент - Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында жыл бойы ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық түрлі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 2019 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласында «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты мен  ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи  қолөнер көрмесі, ТМД елдерінің опера жұлдыздарының фестивалі, «Душа Евразии»  I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі мен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Республикалық фестивалі,суретшілер, фотосуретшілер, ақын-жазушыларының кездесулеріжәне тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы атанған Шымкент қаласында қараша айындаХалықаралық  «Содружество дебютов» жүлдесін тапсыру және «Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» жылының   салтанатты жабылуы өтеді.

«Шымкент - Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасының   салтанатты жабылуына арналған Гала-концертте ТМД елдерінің 2021 жылғы мәдени астанасы атанған келесі мемлекетке эстафета тапсырылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61