Weekend

Мәдени астана: Шымкенттің имиджін қалыптастыру бойынша жаңа шаралар жасалады

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы атанғаны белгілі.

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, осы міндетті іске асыру үшін қаланың ТМД-ның мәдени астанасы ретінде жаңа имиджін жасауға бағытталған іс-шаралардың тұтас кешенін жүргізу қажет.  Бұл қызықты туристік бағыттар құру, тарихи ескерткіштерді қайта жөндеу, түрлі музыкалық фестивалдер, мұражай көрмелерін өткізу, шетелдік театрлардың гастрольдерін және әлемдік танымал авторларының қатысуымен кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру. Бұл ретте, барлық іс-шаралар шетелдік туристерге де, ішкі тұтынушыға да қызықты және танымды  болуы тиіс. Қазақстанда өткізілген "ЕХРО – 2017", "Азиада - 2011" және "Универсиада - 2017" сияқты жаһандық жобалар ішкі туризмнің зор әлеуеті бар екенін және оларды тарту, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың өзін-өзі өтеуіне ықпал ететінін көрсетті.

- Сондықтан біз ұсынған жобалар әртүрлі мақсаты бар аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысынан қарастырылуы керек.Мұнда іс-шаралардың ауқымдылығы мен кеңдігіне емес, олардың мазмұнына  артықшылық берілген, - деп хабарлайды мәдениет басқармасы.

Туризм индустриясының әлемдік тәжірибесі бүгінгі күні туристердің үлкен қызығушылығын этно-туризм және ашық ауада да "Open Air" деп аталатын іс-шараларүлкен қызығушылық тудыратынын көрсетеді. Бұл дегеніміз, сәулет ескерткіштері, түрлі фестивальдер және де этно-қалашықтар. Қазіргі заманғы тур-индустрияның барлық осы ерекшеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескерілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61