Weekend
2012 жылдан бастау алған эстафета
2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында Достастық мемлекеттері басшыларының кеңесі «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасы туралы ережені бекітті. Бағдарлама «Достастықтың мәдени астанасы» мәртебесін алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің саяси емес қалаларында Достастық мемлекеттерінің шығармашылық ресурстарын жыл сайын шоғырландыруды және берік тарихи қалыптасқан мәдени байланыстарға негізделген және қазіргі күндері тәуелсіз мемлекеттердің өзіндік мәдениеттері арасындағы үнқатысуға негізделген мәдени және гуманитарлық іс-шаралардың жарқын, бай және әр түрлі палитрасын құруды көздейді.
Бағдарлама қалалардың бай мұрасына назар аудара отырып, олардың әлеуетін ашуға арналған.Достастықтың мәдени астаналары – болашаққа көпір болатын жоба.
2012 жылы ТМД-ның мәдени астаналары екі қаланы Астана (Қазақстан) және Мары(Түрікменстан) деп жариялады. 2013 жылы Астана мен Мары эстафетаны Габала (Әзірбайжан), Гюмри (Армения) және Могилев (Беларусь) қалаларына тапсырды.
2014 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесіне Алматы қаласы (Қазақстан Республикасы) мен Ош (Қырғыз Республикасы) ие болды. 2015 жылы ресейлік Воронеж және Тәжікстанның 2700 жылдық тарихы бар Куляб қаласы болды.
Ал 2016 жылы Түркменстанның Дашогуз қаласы, 2017 жылы Әзірбайжанның Гянджа қаласы, 2018 жылы Арменияның Горис қаласы, 2019 жылы Беларусьтің Брест қаласы мәдени астана атауын иемденді.
Ал 2020 жылы бұған Қазақстанның Шымкент қаласы қол жеткізіп отыр.