Weekend
Мәдени астана
2020 жылы наурызда Шымкент - Достастықтың мәдени астанасы» кешенді мерекелік шарасының аясында Шымкент қаласында ТМД елдерінің фольклорлық би және музыкалары фестивалі өтеді.
Шара «Наурыз алаңында» өтпек.
- Фестиваль идеясы түрлі елдердің мәдени дәстүрлерін би және музыка арқылы танытудан тұрады. Шараға Достастық елдерінің ансамбльдері қатысады. Фестиваль үш күнге созылады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен ресми ашылу бағдарламасы болады. Бұл Фестиваль-конкурс грамоталар мен арнайы сыйлықтарды тапсыру жоспарлануда, - деп хабарлайды Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы.