Weekend

Шымкентте шетелдік жазушылар кездесу өткізбек

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы наурызда Шымкент қаласында ТМД елдері жазушыларының кездесуі өтеді. Мұны Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұсынып отыр. 

- Ресейдің, ТМД елдерінің және шетелдердің ХІХ Халықаралық жас жазушыларының форумына қатысқан жас жазушыларды шақыруды ұсынамыз. Бұл халықаралық деңгейде алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу, сөз бостандығын қолдау және жергілікті және халықаралық деңгейде әдебиетті барынша кең және әр түрлі аудиторияны қамтамасыз ететін жобалардың ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы.

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: кәсіби, мәдени, сондай-ақ оқу мен әдебиетті сүйетіндерге-қала тұрғындарына арналған блок.

Шығармаларды талқылай отырып, "дөңгелек үстел", шеберлік сыныптары жоспарланған. Шымкент тұрғындары үшін белгілі жазушылармен, ақындармен, әдеби сыншылармен және редакторлармен бірнеше шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61