Weekend

Шымкентте ТМД елдерінің көркемөнер шеберлерінің концерті өтеді

Мәдени астана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың 9 мамырында «Шымкент - Достастықтың мәдени астанасы» мәдени бағдарламасының аясында Шымкент қаласында ТМД елдерінің көркемөнер шеберлерінің концерті өтеді.

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған қазақстандық және халықаралық әртістердің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылмақ.

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің көпжақты ынтымақтастығында мәдени өзара іс -қимыл саласы үлкен маңызға ие.ТМД Жарғысын қабылдай отырып, мемлекет басшылары құрамына кіретін барлық елдердің мәдениеттерін сақтау және дамыту үшін тең жағдайлар жасайды деп келісті. Және халықтардың рухани бірлігі, олардың өзіндік ерекшелігін құрметтеу, мәдени құндылықтарды сақтау және шығармашылықпен белсенді алмасу негізінде қарым қатынастарын құрады, - деп хабарлайды басқарма.

Концертке Достастық елдерінің танымал әртістері мен ұжымдары қатысады. Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Әзірбайжан, Молдова, Армения, Өзбекстаннан келген шығармашылық ұжымдар өз өнерін түрлі жанрда көрсетеді. Осындай мәдени науқандарды өткізу рухани бірлікті сақтауға, біздің халықтарымыздың мәдениеті мен дүниетанымын жақындастыруға ықпал етеді, сондай-ақ тығыз гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.