Авторлық ертегі

Қонақжай халық

Екі ағайынның қонақ қарсы алуға деген көз қарасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірде Арман және Арлан деген екі ағайынды болыпты. Арманның мінезі ашық әрі мейірімді екен. Ал Арлан болса, тұйық мінезді, көп сөйлемейтін жан.

Бірде олардың үйіне қонақ келіпті. Арман қонақтардың асты-үстіне түсіп жүр. Ал Арлан қабағынан қар жауып, есікті "тарс" жауып бөлмесіне кіріп алады. Оны көрген қонақтар өздерің ыңғайсыз сезініп,Арманнан

– Бәрі дұрыс па? – деп сұрайды. Ал Арман болса жымиып:

– Бәрі жақсы, – деп жауап қатты.

Қонақтар көңілді отырып тарай бастады. Қонақ кеткен соң, Арман Арланмен сөйлесуге тырысуда.

– Сен неге сөйтесің а? – деп сұрады.

– Не болды? – деп шан береді Арлан.

– Неге қонақтар келсе, қабағынан қар жауып, мінезіңді көрсетіп шыға келесің? Қонақтар бізге келді ғой. Олай мінезіңді көрсетудің керегі жоқ. Осындай мінезіңмен ертең ешкіммен араласа алмайсың, ешкімге керегің болмай қалады, – дейді.

Арманның сөздерінен кейін Арлан ойланып қалды. Сол күннен бастап Арлан мінезің өзгертуге тырысады. Арман Арланның өзгеріп жүргеніне қатты қуанып жүрді. Мінезің қаншалықты тұйық болса да, өзгелерге дөрекі әрекет жасаудың керегі жоқ екенін түсінгендей болды.