Weekend

Рухани жаңғыру: Алматыда «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды

Форум

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты форум өтті.  

Форумның мақсаты не?

Форумның мақсаты жастарды патриотизмге тәрбиелей отырып, олардың бойына елге деген жанашырлық, шынайы қазақы рух сезімдерін қалыптастыру. Алматы қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде кетпеуі үшін олардың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді қолға алу.

Форумда қандай мәселелер талқыланды?

Аталмыш форумда Қазақстан мұсылмандарының жеті қасиеті бейнеленген «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды. Шара барысында Серікбай қажы Ораз патриотизм ел мен жерге, ана тіліне ділі мен дініне деген құрметтен басталатынын жеткізді.

Шараға кімдер қатысты?

Нұр-Мүбарак университетінде өткен имамдардың аймақтық форумына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Сонымен қатар Кездесуге Нұр–Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шахад Абдулхамид Мұхаммад аль-Джинди, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Байділдаұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппаратының басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, профессор Ықтияр Молдатөреұлы, Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай, имамдар және университет студенттері қатысты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61