Weekend

Алматы әкімі шығармашылық өкілдерімен жұмыс жасаудың жаңа жүйесі туралы айтты

Жазушыларға қандай қолдау көрсетіледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының құрылуына және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай отырыс болды. Бұл жиында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушыларға көрсетілетін қолдау туралы айтып өтті.

Бақытжан Сағынтаев Қазақ әдебиеті газетінің 85 жыл табысты еңбек етіп келе жатқанын, соынмен қатар Алматының тарихымен тұстасып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Алматы әкімдігі шығармашыл өкілдерінің түрлі кештерін, мерейтойларын ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар олардың кітаптарын шығарып, қолдау көрсетіп келе жатқанын да тіліне тиек етті.

Биыл Алматы әкімдігі зиялы қауым өкілдерімен жұмыс жасаудың жаңа жүйесін енгізген. Жазушылар одағының ұсынысы бойынша 150 грант тағайындалады. 90 грант өз иелеріне жетсе, қалғаны 60 жылдың соңына дейін табысталады. Алдағы уақытта іріктелген 20-ға жуық ақын-жазушылардың кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсету жоспарда бар екені айтылды.

Әкімнің айтуынша, жаңа жүйе бойынша жұмыс ақындар, жазушылар, драматургтардың Қазақстанның тыныс-тіршілігін суреттейтін әдеби шығармалар жазуына септігін тигізеді.