Саясат

Енді Алматыда такси жүргізушілері автобус жолағымен жүре алады

Жақсы жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда такси жүргізушлері үшін жақсы жаңалық. Енді оларға автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі. Алматы әкімдігі жолаушылар тасымалымен айналысатын аталмыш қызмет түрін жетілдіру мәселесін қарастыруда.

«Соңғы жылдары Алматы тұрғындары такси тасымалы сапасының төмендеп кеткеніне жиі шағымданады: таксидің құны қымбаттап, чек берілмей, жүргізушілердің дөрекілігіне байланысты көптеген даулар туындауда.Такси қызметінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ашықтық пен саладағы көлеңкелі ақша айналымымен күресу үшін қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда. Соған байланысты ресми тіркелген таксопарктердің такси көліктеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда. Одан күтілетін нәтиже – такси қызметінің сапасы көтеріліп, таксопарктердің табысы ашық болады», - деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Іnstagram-дағы парақшасында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61