Тәу етіңдер рухына!

Жыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егемендік жолында өткен егіліп,

Ұл-қызыңды ұлықтағың қазағым.

Желтоқсанда қаны тамып-төгіліп,

Саясаттың көрген небір азабын.

 

Тәу етіңдер рухына Қайраттың

Желтоқсанда қанша ұлды қорлаттың.

Желтоқсанда елің жатты еңіреп,

Жер құштырып қанша ананы зарлаттың.

 

Тәу етіңдер рухына Ләззаттың

Қазақ қыздың қаны әкелді азат күн.

Қайсар міңез сінген тұла бойына

Сіңілісі Әлия мен Мәншүктің.

 

Тәу етіңдер рухына Ерболдың

Қазағыма атқан жаңа таң болдың.

Мұз құрсауын елемеген Ер еді,

Желтоқсанда шейіт болған боздағым.

 

Тәу етіңдер Сәбира қыз рухына,

Ерте кеткен сәби үні ұртында.

Шындық кетті айтылмады шырылдап,

Сыры жатыр әлі ашылмай сыртында.

 

Тәу етейік қаны тамған алаңға,

Гүл қойыңдар батыр жатқан мазарға.

Алғыс айтпау күпірлік қой қазағым,

Олар алып берген азат заманға.

 

Тәуелсіздік келді осындай қанменен,

Бұрымынан сүйретілген зарменен.

«Мың өліп, мың тірілген» Ер Қазағым

Енді қанша бойда жаның қалды екен.

КАМШАТ АБЫЛГАЗИНОВНА.