Спорт

Дзэдошыларымыз «Masters» турнирінде сынға түседі

«Masters» турнирінің жеңімпазы – 1800 ұпай, күміс жүлдегер – 1260 ұпай, ал қола жүлдегер – 900 ұпай еншілейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық дзюдошылар 12-14 желтоқсан күні Циндаода (ҚХР) дзюдодан өтетін әлемдік «Masters» турнирінде сынға түседі, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 дзюдошы қатысады. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша «Masters» турнирінің жеңімпазы – 1800 ұпай, күміс жүлдегер – 1260 ұпай, ал қола жүлдегер – 900 ұпай еншілейді.

Турнирде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімі мынадай:

Елдос Сметов (60 кг) 
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) 
Елдос Жұмақанов (66 кг) 
Ерлан Серікжанов (66 кг) 
Жансай Смағұлов (73 кг) 
Дидар Хамза (81 кг) 
Ислам Бозбаев (90 кг) 

Әйелдер: 
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) 
Севара Нышанбаева (57 кг)